Quantcast
Channel: Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті
Viewing all articles
Browse latest Browse all 454

Әрбір қазақстандық өзіне міндетті жарналарды жұмыс берушінің аударғанын біле алады

$
0
0

Әрбір қазақстандық өзіне міндетті жарналарды жұмыс берушінің аударғанын біле алады

 

Мемлекеттік кірістер комитеті «e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасында «қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» сервисін іске қосты, ол қызметкерге есептелген жеке табыс салығының, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік аударымдардың және медициналық сақтандыруға әлеуметтік аударымдардың сомаларын қарап шығуға мүмкіндік береді, деп хабарлады МКК төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев.

«Бұл азаматтық бақылаудың бір түрі, қызметкер ол бойынша қандай кірістер көрсетілгенін және жинақтаушы зейнетақы және басқа қорларға есептеулер ресми түрде жүргізілгенін өзі тексере алады.

Егер кіру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылса немесе SMS пароль арқылы сәйкестендірілсе деректер қолжетімді болады. SMS мобильді азаматтар базасында (ХҚКО - да) тіркелген ұялы телефон нөміріне түседі" - деп атап өтті.

Деректерді қарау үшін «Салық әмияны», «Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» салынымын таңдап, жыл мен кезеңді таңдау қажет.

Бастапқы кезеңде бюджетпен есеп айырысу кезінде жалпыға бірдей белгіленген режимді немесе оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын жұмыс берушілердің жеке тұлғалары деректерді қарай алады.

Сервис 2020 жылдың 1 тоқсанынан бастап салық кезеңдері бойынша қолжетімді.

Мәліметтер болмаған немесе деректер сәйкес келмеген кезде салық есептілігін түзету үшін жұмыс берушіге жүгіну қажет.
Естеріңізге сала кетейік, «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын «App Store» немесе «Play Market» - тен тегін жүктеп алуға болады.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 454

Latest Images

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>
<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596344.js" async> </script>