Quantcast
Channel: Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті
Viewing all articles
Browse latest Browse all 454

МКК «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын пайдалануға шақырды

$
0
0

МКК «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын пайдалануға шақырды

 

2020 жылға көлік құралдарына есептелген салық «E-salyq Azamat» мобильдік қосымшасының «Алдағы төлемдер» сервисінде орналастырылған.

Азаматтарға алдағы салық сомасын оны төлеу мерзімі басталғанға дейін білуге және дайын реквизиттер бойынша бір мезгілде төлем жүргізу мүмкіндігі берілген. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директоры Азамат Садықов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында атап өтті.

Мобильді қосымшаға кіру үшін, жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында, азаматтың ұялы телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында (ХҚКО-да) тіркелуі қажет.

Алдағы төлемдерді МКК порталынан басқа, «egov.kz» порталында, банктердің мобильді қосымшаларында (Kaspi. kz, Homebank) көруге болады.

Бұл ретте, Комитеттің және банктердің мобильді қосымшаларының алдағы төлемдер сервисінде көлік құралдарына есептелген салық сомасы дербес шоттағы артық төлемді ескере отырып көрсетіледі.

«Сонымен бірге, көлік құралдары салығы бойынша алдағы төлемдердің сомасы салық берешегі болып табылмайды, осыған байланысты бұл сома «E-Salyq Azamat»  мобильді қосымшасының «Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы мәліметтер» сервисінде көрсетілмейді», - деді А.Садықов.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 454

Latest Images

Trending Articles